«Қазақмыс» бас директорының кабинетінде өлі табылған кәсіподақ басшысы өлтірілген болуы мүмкін

Жезқазган. 24 қаңтар. ҚазТАГ – «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның ғимаратында «Қазақмыс Корпорациясы» кен-байыту комбинатының бас директоры Амангелді Минигуловтың жұмыс бөлмесінде өлі табылған «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов өлтірілген болуы мүмкін, делінген Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарында.
«Т.А.Тажбенов өлімі фактісі бойынша тергеу органдары оны өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу жөніндегі 2 болжамды тексеруде. А.М.Минигулов пен С.А.Тембаевтың пышақ жарақаттарын алу фактісі бойынша да өлтіруге оқталу болжамы тергелуде», - делінген жұмадағы хабарда.
Прокуратура жанжал орын алған күнгі оқиғалар хронологиясының өз нұсқасын ұсынды.
«Бастапқы тергеу амалдары барысында Т.А.Тажбеновтің «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бас директорының кабинетіне тегіс ұңғылы мылтық (Т.А.Тажбеновтің атына тіркелген) алып кіріп, бір рет оқ атқаны, ол оқ ешкімге тимегені анықталған. Т.А.Тажбеновтің мылтық алып кіргені бейнебақылау камераларының жазбаларымен, сонымен қатар оқиға орнынан және оның өзінен табылған заттай айғақтармен айқындалған. Оқ атылғаннан кейін, куәлардың айтуынша, жанжалдасушылар А.М.Минигулов, С.А.Тембаев және Т..А.Тажбенов пышақ жарақаттарын алған», - деді қадағалау органынан.
Ведомствода нақтылағандай, корпорация қызметкерлері аталған жерге жедел жәрдем және полиция органдарын шақырған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері Т.А.Тажбеновтің мәйітін және пышақ жарақаттарын алған А.М.Минигулов пен С.А.Тембаевты («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бөлім бастығы) анықтаған. Соңғыларға қажетті медициналық көмек көрсетілген.
«Қазіргі уақытта полиция органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде, сот сараптамалары тағайындалды, заттай айғақтар мен бейнекамералардың жазбалары зерттелуде. Қайтыс болған Т.А.Тажбеновтің өкілдеріне тергеу органы олардың жәбірленуші ретіндегі құқықтарын, оның ішінде тергеу барысымен және тиісті материалдармен танысу құқығын түсіндірді», - деді прокуратурадан.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ ХАА 21 қаңтарда Минигулов пен Тәжбеновтың арасында корпорация басшысының кабинетінде жанжал туындап, соның салдарынан Минигулов, корпорация директоры Сабыржан Тембаевтың пышақ жарақатын алғанын хабарлаған еді. Агенттікке белгілі болғандай, зардап шегушінің екеуі де Жезқазғандағы медициналық орталыққа жеткізілген. Кейін ҚазТАГ анықтағандай, Минигулов тірі және оған медорталықтың жан сақтау бөлімінде ота жасалуда. Кейін агенттік «Қазақмыс» бас директорына отаның сәтті жасалғанын жеткізді.

adimage