«Алма-ТВ» компаниясына Т2,18 млрд астам сомаға тыйым салынды

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ - «АлмаТел Қазақстан» («Алма-ТВ») компаниясының мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлады KASE сайтынан.
«Ақпарға сәйкес тыйым салынған мүлік атауы: «АлмаТел Қазақстан» АҚ кассасына түсетін және сонда бар ақшалай қаражат,  «АлмаТел Қазақстан» АҚ тиесілі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, екінші деңгейлі банкте жатқан ақшалай қаражат және басқа да мүлік», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, тыйым салынған ақшалай қаражат сомасы: Т2 180 388 000. Тыйым салу туралы шешім қабылданған күн – 2018 жылғы 12 сәуір.


adimage