Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаровтың ісін қарастырып жатқан судья сотты жабық өткізу туралы шешім қабылдады

Алматы. 16 қаңтар. ҚазТАГ- Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаровпен Әуез Қапсаланов ісін қарастырып жатқан судья сотты жабық өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Радио Азаттық».

«16 қаңтарда Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтар дүрбелеңі кезінде Алматыда қаза болған Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың ісіне қатысты сотты жабық өткізу туралы қаулы шығарды. Сотты жабық ету туралы өтінішті куәгер ретінде шақырылған сарапшы-полиграфолог түсірді»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Жәбірленуші жақтың адвокаты Сәуле Көпжанова сот қаулысымен келіспеді және сот процесін жабық етуге негіз жоқ деп санайтынын жеткізді.

"Егер сот айтқандай, қызметтік қолданыстағы құжаттар болса, онда сот оларды зерттегенге дейін журналистерден уақытша шыға тұруды сұраса болар еді. Қазір куәгерлердің 80-90 пайызы сұралып бітті, зейнетке шыққан бір полиция қызметкері ғана қалды... Бірақ егер зейнетке шықса, онда кім қауіп төндіреді? Біз бе? Прокурор немесе әріптесім бе әлде журналистер ме? Біз сот шеміміне үзілді-кесілді қарсымыз",- деді Сәуле Көпжанова.

"Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша қаралып жатқан іс желтоқсаннан бері өтіп жатыр. Сотталушы – әскери қызметкер Айтжан Әубәкіров. Бастапқыда іс "Адам өлтіру" бабымен тергелген.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage