Тоқаев мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауының күнін белгіледі

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауының күнін белгіледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын», - делінген сәрсенбідегі Тоқаевтың жарлығында.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында күздің соңына дейін кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы өзінің кандидатурасын екінші президенттік мерзімге ұсынуға ниетті екенін растады. Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартысында парламент және мәслихат сайлауын өткізу жоспарланған.

adimage