Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жағдайы туралы айта келе, бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты екенін айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол атап өткендей, көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық.
«Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын», - деді Тоқаев.
Қатысты сілтемелер
-
Идеологиялық саладағы міндеттер бойынша кешенді жоспар жобасы дайындалуда – Бектенов23 Сәуiр 2024, 11:55
-
Қазақстанда су тасқыны салдарын жоюға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылды23 Сәуiр 2024, 11:53
-
Қосшыда инженерлік желілерді салу жұмыстарына Т2,5 млрд жұмсамақшы23 Сәуiр 2024, 11:32
-
Алматының бірқатар ықшамауданында су беру уақытша шектеледі23 Сәуiр 2024, 10:27
-
Астанада көшелердің бірі екі аптаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ішінара жабылады23 Сәуiр 2024, 10:17