Тоқаев климаттың өзгеруі де өңірдегі тұрақсыздық факторы болып табылады деп санайды

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, климаттың өзгеруі де өңірдегі тұрақсыздық факторы болып табылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Ғаламдық жылыну мұздақтардың еруін, шөлейттер мен топырақтың құнарсыздануын жылдамдатып жібереді. Осыған байланысты Азиядағы қақтығыстар таза ауыз су көздерін бақылауға қарай ойысуы мүмкін. Ал бұл – Орталық Азия аймағындағы тұрақсыздық тудыруы ықтимал мәселенің бірі екені белгілі», - деді Тоқаев Сочидегі «Валдай» халықаралық пікірталас клубының жыл сайынғы XVI отырысының пленарлық сессиясында.
Бұл ретте, мемлекет басшысы қақтығыстардың алдын алу мақсатында өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен жүйелі және бірлескен жұмыс жүргізуді дұрыс деп санайды

adimage