Тоқаев дәрігердің қамауға алынуын ПӘ, денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкіміне бақылауға алуды тапсырды

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігіне, денсаулық сақтау министрлігіне және Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа №4 Алматы қалалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты қамауға алу ісін бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында», - деп мәлімдеді Тоқаев сәрсенбіде өзінің парақшасында.
22 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының үкімімен ҚР ҚК 317 бабы 3 бөлімінде (медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының абайсыда адам өліміне әкеліп соғуы) қарастырылған қылмысты жасаған деген күдікпен Қанат Тезекбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтарпас шарасына санкция берді. Сонымен қатар анестезиолог Тұңғышбаев та қамауға алынған. Оларды қамаға алу қоғамдық резонанс тудырды – қоғам іс Германияда Алматы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс боулымен байланысты деп санайды, ол қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың ұлы болатын.


adimage