Тоқаев Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!»,- делінген хабарда.

adimage