Тәжікстан ҰҚШҰ елдерін Ауғанстанмен шекараны қорғауға көмектесуге шақырды

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ- Тәжікстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдерін Ауғанстанмен шекараны қорғауға көмектесуге шақырды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
"Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің (ҰҚК) 2013 жылғы 23 қыркүйектегі"Тәжікстан Республикасына тәжік-ауған шекарасын нығайтуға көмек көрсету туралы" шешімінің орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігі өзекті болып қалуда. Сондықтан ұйымға мүше мемлекеттерді аталған құжатты толық іске асыруға өз үлестерін қосуға шақырғымыз келеді", – деді Тәжікстанның ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты және өкілетті өкілі Хасан Сұлтанов.
Ол "Тәжікстан Ауғанстанмен ең ұзақ шекарасы бар ел ретінде жағдайды тежеу және осы елден келетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру үшін қажетті шаралар қабылдауда"деп атап өтті.
"Бірақ, өңірде қалыптасып жатқан жағдайды, сондай-ақ Ауғанстанмен шекараның жекелеген учаскелері шалғай таулы жерлерде орналасқандығын ескере отырып, бұл міндетті жалғыз шешу қиын болып көрінеді. Бұл жағдайлар бізден ҰҚШҰ шеңберінде барабар әрекет етуді, оның ішінде оңтүстік шекараларды қорғау бойынша әлеуетті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді", - деді Сұлтанов.
Тәжікстаннан басқа ҰҚШҰ мүшелері Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ауғанстандағы жағдай "тез нашарлай бастайды, оның ішінде американдық және басқа НАТО әскерлерінің асығыс шығарылуы жағдайында". Бұған екі күн қалғанда-5 шілдеде тәжік тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуі контексінде Орталық Азия өңіріндегі ахуал туралы жан-жақты пікір алмасылды.

adimage