Соңғы қоңырау ҚР мектептерінде 3-4 маусымда, ҰБТ штаттық режимде өтеді – минкабинеті

Күні: 19:05, 11-05-2020.

Астана. 11 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Соңғы қоңырау Қазақстан мектептерінде 3-4 маусымда өтеді, бірыңғай ұлттық тестілеу штаттық режимде өтеді, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
«Аттестаттарды табыстау және соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық аспан астында шектеулі ғана адамдар санымен және санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен өтетін болады», - деді Тоғжанов дүйсенбідегі брифингте.
Сонымен қатар, ол хабарлағандай, ҰБТ штаттық режимде өтеді.
«ҰБТ 20 маусымнан бастап 168 пункт базасында санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен штаттық режимде өткізілетін болады», - деп хабарлады ол.


Жаңалықтармен бөлісу: