Шымкент соты экс-министр Бішімбаевтың босатылғанын растады

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Шымкент соты ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бішімбаевтың босатылғанын растады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«25 қыркүйекте судья Шарипова оның (Бішімбаевтың – ҚазТАГ) мерзімінен бұрын босатылуын қарап, қанағаттандырды, қазіргі таңда ол заңды күшіне енді», - деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісіне жұма күні Шымкенттің Абай аудандық сотынан.
Бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ бұрынғы ҰЭМ адвокаты мен жақындарына сілтеме жасап, Бішімбаевтың бостандыққа шыққанын хабарлаған еді.
ҚазТАГ ХАА дерек көзі бойынша, Бішімбаевқа президент Назарбаев отставкаға кетпестен бұрын рақымшылық жасаған екен. Рақымшылық жасағаннан кейін оның мерзімі 4 жылға қысқарған.
ҚазТАГ агенттігіне 2019 жылдың сәуірінде белгілі болғандай, Бішіабаев рақымшылық жасауын сұраған және оның өтініші қанағаттандырылған. Ол кезед оның жұбайы жағдайға түсінік беруден бас тартыпп, «тыныштық берулерін» сұраған еді.
Еске салсақ, ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қ. Бішімбаевтың сот процесі 2016 жылғы 7 қарашада басталды. Ол 4 наурызда пара алғаны, сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін иемдену және ысырап ету бойынша айыпты деп танылды. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Атап айтсақ, экс-министр Қызылордада шыны зауытының құрылысы барысында бизнесменнен $2 млн көлемінде пара алған, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында пара алған деп айыпталды. Сонымен қатар аталмыш іс бойынша «Байтерек Development» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Аслан Жакупов та 2,5 жылға сотталды. Ол бұрынғы спикер, қазіргі мәжіліс депутаты Қабиболла Жакуповтың баласы болып келеді.
Бұл іс бойынша барлығы 20-дан астам адам өткен, олардың барлығына жазасын өтеудің түрлі мерзімдері тағайындалды.

adimage