«Шекарасыз тілшілер» Батырбековты босатуға және ҚР-да БАҚ-тың ізіне түсуді тоқтатуға шақырды

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Сөз бостандығын қорғау және көтермелеу саласындағы әлемдік жетекші үкіметтік емес ұйымдардың бірі «Шекарасыз тілшілер» (RSF) Қазақстан билігін журналист Амангелді Батырбековты босатуға және қазақстандық БАҚ-тың ізіне түсуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлады «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры.
«RSF Қазақстанның сот жүйесін өткен айда жала жабу айыбы бойынша Амангелді Батырбековке шығарылған 27 айлық түрме мерзімінің күшін жоюға және тағы да Қазақстанды баспасөз жұмысымен байланысты қылмысты жазаламауға шақырды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстанның журналистердің ізіне түскендігінің кезекті мысалы 7 қарашаға жоспарланған адам құқықтары жөніндегі БҰҰ кеңесіндегі Қазақстанның келесі жан-жақты мерзімдік шолуына бірнеше апта қалғанда пайда болған.
Бас бостандығынан айыру туралы үкімді Батырбековке 23 қыркүйек күні еліміздің оңтүстігіндегі Түркістан облысы Сарыағаш соты шығарды. Ол жақта журналист жергілікті «Сарыағаш Инфо» газетін басқарған. Сот сондай-ақ журналистті келтірілген залал ретінде Т800 мыңнан астам (2 мың еуро) өтемақы төлеуге міндеттеді. Жақын арада Батырбековтың апелляциялық шағымы қаралады деп күтілуде. Өңірде өзінің жергілікті шенеуніктер мен судьялар туралы репортаждары арқылы таныс ол Келес ауданындағы білім беру саласындағы орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық жайлы хабарламалар топтамасын Facebook желісінде жариялағаны үшін сотталды», - деп нақтылады «Әділ сөз».
Қорда нақтылай кеткендей, журналистке үкімді Батырбековтың сынының нысаны болған судья шығарған, ол бұған дейін де оған қатысты айыптау үкімдерін шығарған, соның ішінде бұған дейні қаралған істер бойынша да. Десек те, «Әділ сөз» атап өктендей, судьядан бас тарту туралы өтініш қанағаттандырылмаған, ал Батырбековтың сот барысында айтқысы келген жақсы сипаттамалары іске тек үкім шығарылғаннан кейін ғана тігілген.
«Бұл қатаң үкім көптеген процессуалдық бұзушылықтарға жол берілген сот тергеуі аяқталғаннан кейін шығарылды. Біз Қазақстанның сот билігін апелляциялық өтіншіті басқа өңірде қарауды және халықаралық сөз бостандығы стандартына сәйкес шешім қабылдауды сұраймыз. Және, ақырында, қазақстандық билік егер олардың реформа туралы сөздері шынымен қабылдансын десе, баспасөз жұмысымен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталсын», - деп қадап айтқан Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша RSF бөлімшесінің басшысы Иоганн Бир.
Түркістан облысында 500-ге жуық адам қол қойған, соның ішінде журналистер мен белсенділер бар ашық хат қазақстандық билікті Батырбековтың апелляциялық шағымын әділ қарауға шақыруда.
«RSF сияқты, БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) қазақстандық биліктен БАҚ жұмысымен қатысты қылмыстар үшін жауапқа тартпауды талап етуде. Жала жапқаны үшін журналистті түрмеге жабу басқа журналистердің өзекті тақырыпты қозғаудан қорқыту эффектісіне айналады. Қылмыстық жауапқа тартпау RSF-ның Қазақстанның келесі жан-жақты мерзімдік шолуы алдындағы Адам құқығы жөніндегі БҰҰ кеңесіне ұсынған есебіндегі басты ұсыныстың бірі болып отыр», - деп нақтылады қорда.
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы өткізетін баспасөз бостандығының әлемдік индексінде Қазақстан 2019 жылы 180-елдің ішінде 158-ші орында тұр.
Еске салсақ, «2019 жылғы 23 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты азаматтық белсенді, «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті жала жапқаны және қорлағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Бұған Келес ауданының білім бөлімінің бастығы Бахтияр Абдиевтің шағымы негіз болды, ол туралы Батырбеков өзінің Facebook парақшасында бірқатар сыни жазбаларды жариялаған.
27 қыркүйекте «Әділ сөз» қоры Түркістан облысындағы Батырбековке қатысты айыптау үкіміне түсінік бере келе, Қазақстанның тағы да БҰҰ-ның жала үшін қылмыстық жауаптан босату туралы ұсынысына кезекті рет назар аудармағанын хабарлады. 14 қазанда Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры журналист Амангелді Батырбековты өз пікірін білдіргені үшін бас бостандығынан айыру Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауынан туындайтын елдің міндеттемелерін өрескел бұзатыны туралы жаңа мәлімдеме жасадыі.

adimage