ШҚО-да саяси пана сұрап Қытайдан қашқан қазақтарға үкім шықты

Күні: 11:12, 22-01-2020.

Өскемен. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Саяси пана сұрап Қытайдан қашқан қазақтар Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлына Шығыс Қазақстан облысында үкім шығарылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР Мемлекеттік шекарасын әдейі заңсыз өту дерегі сотта наразылық тудырған жоқ және іс бойынша жинақталған дәлелдермен расталды. Сот 1 жылға бас бостандығынан айыру түрінде шешім қабылдады (қамаудағы 1 күн жазаның екі күні деп есептелетін болды), нәтижесінде үкім шығарылған сәттен бастап олар бес ай 24 күн отыратын болады», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен қарым-қатынас бойынша үйлестіруші-соты Назгүл Рахметуллина.
Сот шешімімен сотталушылар бір жылға бас бостандықтарынан айырылды, олар жазаларын Қазақстандағы қауіпсіздігі төмен абақтыда өтейтін болады. Сотта атап өтілгендей, сотталушылардың өз еріктерімен келіп шекерадан заңсыз өткендерін мәлімдеулері, қылмыстың ашылуына белсенді қатысулары, өз кінәларын мойындап, өкінетіндері жазаны жеңілдететін жайт ретінде ескерілген.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
ҚХР-дан келген екі этникалық қазақты қолдауға көп адам жиналды. Қатысушылардың бірі үкім оқылып жатқанда жиналғандарға шығып, сотталушылардың Қазақстаннан жер аударылмайтындарын айтты. Оның сөздерін жиналғандар ду қол шапалақтаумен қабылдады.
Еске салсақ, 14 қазанда ҚазТАГ ХАА Кастер Мусаканұлы мен Мурагер Алимулы – этникалық қазақтар, Қытай азаматтары, 1 қазанда шекарадан заңсыз өткендер деп хабарлаған еді. Оладың айтуынша, олар қытайлық биліктің этникалық азшылықты қудалауынан қашып келген. 10 қазанда олар билікке беріліп, өз жағдайларын айтып, Қазақстаннан саяси қорған сұрау үшін Алматыға жеткен. Кейін екеуі де қамауға алынды.
5 желтоқсанда ҰҚК баспасөз қызметі әлеуметтік желіге ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың берген сұхбатын жариялаған еді, ол сұхбатында Қытайдан Қазақстанға саяси қорған іздеп қашқан этникалық қазақтар – ҚХР екі азаматына қатысты жағдайға түсінік берген еді.
6 қаңтарда ШҚО Зайсанда Мұсақанұлы мен Әлімұлына қатысты сот басталды. Оларды «мемлекеттік шекарадан әдейі заңсыз өту» бабы бойынша жауапқа тартуда. Сот екі этникалық қазақты қолдаушылардың жаппай мәлімдемелері фонында өтіп жатыр.
Босқындар статусы туралы БҰҰ конвенциясы – 1950 жылғы 14 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясының 429 (V) резолюциясына сәйкес шақырылған уәкілетті өкілдер конференциясында 1951 жылы 28 шілдеде Женевада қабылданған конвенция. Конвенция «босқындар» түсінігіне анықтама береді және босқын статусы берілетін жалпы негіздерді белгілейді. Конвенция мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне орай босқындарды қайтаруға жол береді, бірақ оларды қудалаудан қауіптеніп, оларды қашып келген елдеріне қайтаруға тиым да салады.
Қазақстан Конвенцияға 1998 жылы қосылған.


Жаңалықтармен бөлісу: