ҚР ҚМ Ақтөбе облысында құлаған зымыран бөлшектерінің «Искандер-М» зымыранына тиесілі екенін жоққа шығарды

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР Қазақстанның қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында құлаған зымыран бөлшектерінің «Искандер-М» зымыранына тиесілі екенін жоққа шығарды, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА.
«Әлеуметтік желілерге сілтеме жасала отырып, ресейлік БАҚ-қа таратылған қалдықтардың «Искандер-М» зымыранына тиесілі екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның қорғаныс ведомтвосында атап өтілгендей, «Қазақстандық-ресейлік бірлескен комиссияның алдын ала мәліметіне сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыранның қалдығы – атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыранның қалдығы болып отыр».
 Хабарда атап өтілгендей, зымыран құлаған орынның радиациялық мөлшері өлшеніп, топырақтың, жауын-шашын мен қардың сынамасы алынды.
«Қалдықтар экологияға да, Ақтөбе облысының тұрғындарына да ешқандай қауіп төндірмейді. Гамма-сәулелердің мөлшері жергілікті жердің табиғи радиациялық аясынан аспайды», - деп мәлімдеді Қазақстанның қорғаныс минінен.
Ведомствода еске салғандай, Қазақстан мен Ресей арасында 1995 жылы жасалған мемлекетаралық келісімге сәйкес, ҚР аумағындағы полигондарды Ресей Федерациясы жалға алып отыр.
«Министрлік, ең бірінші кезекте, полигондарды пайдалануда қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша келісімге түзету енгізуді бастама етіп көтереді», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 9 қаңтарда ҚазТАГ ХАА зымыранға ұқсас аппараттың Ақтөбе облысы аумағына құлағанын хабарлаған еді. Сол кезде белгісіз заттың Байғанин ауданы аумағында құлағаны және оның ресейлік болуы мүмкін екені атап өтілді.

adimage