Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Көк-Жайлауда тұрғызылған қосалқы станцияға қажет болмағандықтан демонтаж жасалады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.
«Көк-Жайлау бойынша тау-шаңғы кешені жоспарланған болатын, бүгін ол жобадан бас тарту туралы шешім қабылданды. Комиссия құрылады, ол сондағы барлық құрылыс бойынша қажетті шешімді қабылдайды. Және сәйкесінше ол қосалқы станция бойынша да шешім қабылдайды. Мен оған демонтаж жасалып, қалаға беріледі деген ойдамын», - деді Нысанбаев сәрсенбідегі мәжіліс отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, аталмыш қосалқы станцияның Ұлттық саябақта «мүлде керегі жоқ».
«Ол тау-шаңғы кешенінің жобасы аясында салынатын нысандарда қолдануға арналған еді, ал бүгінгі күні ол қосалқы станцияның Іле-Алатау ұлттық саябағына керегі жоқ», - деді Нысанбаев.
Еске салсақ, 2019 жылдың 29 қазанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысына тыйым салған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24