ИЛИМ Орталық Азиядағы өз желісін кеңейтуде - БҰҰ

Алматы 19 сәуір ҚазТАГ – «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (ИЛИМ) (орыс. ИГИЛ) террористік ұйымы Орталық Азиядағы өз желілерін кеңейтуюде, деп хабарлайды БҰҰ баспасөз қызметі.
«ИЛИМ Оталық Азиядағы өз қызметін кеңейтуге тырысады және (оны жақтаушыларды - ҚазТАГ) қоғамдық орындарда, негізінен Ферғана алқабында, террористік шабуылдарға шақырады», - деді БҰҰ Есірткі және қылмыс департаментінің атқарушы директоры Юрий Федотов.
Ол халықаралық лаңкестік халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі қатер екенін атап өтті және «ешбір ел осы қауіптен қорғалмайды» деді.
«Терроризмге қарсы күрестің Сирия мен Ирактағы ИЛИМ-нің әскери жеңіліске ұшырағанын көріп отырмыз. Бірақ табиғаты бойынша қауіп әрдайым өзгеріп отырады, және көптеген проблемалар сақталады.
Шетелдік содырлар үйлеріне оралуда. Кейбір ИЛИМ террористері басқа топтарға қосылуда немесе жаңаларын құруда. Көптеген содырлар Ауғанстанға көшті. Ауғанстандағы ИЛИМ-нің ауған қанаты елеулі тұрақсыздандырушы фактор болып қала бермек», - деді БҰҰ басқарма басшысы.
Оның айтуынша, қауіпсіздік саласындағы ахуал терроризм мен трансұлттық ұйымдасқан қылмыс арасындағы қарым-қатынастан тереңдей түсуде.
«Террористер көбінесе адам саудасы мен есірткі саудасы арқылы олардың қазыналарын толықтырады. Бүгінгі күні мұндай трансұлттық қауіптердің келісілген көпжақты жауапты талап ететіні анық », - деді БҰҰ өкілі.
«Террористер көбінесе адам саудасы мен есірткі саудасы арқылы олардың қазыналарын толықтырады. Бүгінгі күні мұндай трансұлттық қауіптердің келісілген көпжақты жауапты талап ететіні анық», - деді БҰҰ өкілі.
Ол сондай-ақ, парламенттер терроризмге қарсы күресте маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Олар осы саладағы халықаралық келісімдерді ратификациялай алады, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сәйкес келетін ішкі ережелерді қабылдайды, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылдарды қаржылай қолдай алады», - деп түсіндірді Федотов.

adimage