Елордада құрбандық шалатын негізгі орындар белгілі болды

Алматы. 5 тамыз. ҚазТАГ – Елордада құрбандық шалатын орындар белгіленді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайтынан.
Атап өтелік, биылғы жылы Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады.
Соған орай қалалық әкімдік құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.
Атап өтсек, Байқоңыр ауданында «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 ("Рубиком" мен "Әмір" СҮ ортасында), Есжанов А. ЖК, «Жайлау», Алаш тас жолы, Ц 313 көшесі, «Шәушен» ШҚ, а/ж«Астана-Павлодар», 9 км, «Темеш», шаруа қожалығы а/ж Нұр-Сұлтан – Софиевка 7 км құрбандық шалуға болады», - деп көрсетті «Әзірет Сұлтан» мешітінің өкілдері.
Сарыарқа ауданында «Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Есіл ауданында «Алтын-Таға» базары Қосшы ауылының алды, ал Алматы ауданында «Метро» СҮ (Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы) маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылды.
«Құрбандыққа шалуға болатын малдар (қой, ешкі, сиыр және түйе) дені сау болуы тиіс Құрбандық шалғанда малдың басын Құбылаға қаратып өткір пышақты пайдалану қажет. Бірнеше адам бірігіп те құрбандық шала алады (Қой немесе ешкіні бір адам/бір отбасы шала алады; сиырды бір адам/бір отбасы/бір жанұя, жеті адам немесе жеті отбасы бірігіп шала алады; түйені бір адам/бір отбасы/бір жанұя, жеті адам немесе жеті отбасы бірігіп шала алады). Құрбандыққа шалынған малдың еті үшке бөлінеді: Бір бөлігін туған-туыс, көршілеріне таратылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж жандарға таратылады, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға берсе де болады», - деп хабарлады Қазақстан мұсылмандарының діни бірлестігінен.
Сонымен қатар, «Хазрет Сұлтан» республикалық мешітінде «Құрбан-айт call-центр» жұмысын бастады. Азаматтардың сұрақтарына жоғары білікті имамдар қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы : 8 7172 33 30 30 нөмірі бойынша жауап береді.

adimage