eGov-та коронавирустың қауіпті аймақтары белгіленген карта жарияланды

Астана. 24 наурыз. ҚазТАГ - eGov-та коронавирустың қауіпті аймақтары белгіленген карта жарияланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«eGov-та коронавирустың қауіпті аймақтары белгіленген карта жарияланды. Онда ауруды жұқтырғандармен бірге болған азаматтардың тұрғылықты жерлері немесе орналасқан жерлері көрсетілген. Ол азамат үй немесе стационарлық карантинде болуы мүмкін», - делінген карта сипаттамасында.
Атап өтілгендей, қызыл түспен Covid 19 жұқтырғандардың стационарлық ем алып жатқан жерлері белгіленген, көк түс – ауру жұқтырғандармен бірге болған азаматтардың тіркелген жерлері, ал азаматтың өзі үй немесе стационарлықк карантиинде болуы мүмкін.

adimage