Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ - Демалыс күндері Қазақстанда жауынсыз, жылы ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына антициклон ықпалын тигізетін болады. Осыған байланысты жылы және әсіресе жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан ауа түсіп, +30…+35 градусқа дейін температураның жоғарылауын тудырады.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында сенбі және жексенбі күндері түнде суық сақталады. Алайда жексенбіде күндіз +25+30 градусқа дейін температураның күрт көтерілуі күтіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы су тасқыны – ТЖМ мәліметі27 Наурыз 2024, 14:35
-
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!7 Наурыз 2024, 13:16
-
Қазақстан мұсылмандары Рамазан айы мен ауыз бекітуге дайындалуда22 Ақпан 2024, 13:58