«Болат Назарбаевтың рейдері» ҰҚТ ұйымы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Болат Назарбаевтың рейдері деп аталған Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) алты мүшесі іздеуде жүр және олар туралы мәлімет айтқандарға сыйақы тағайындалды, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Елдос Қоспаевтың жетекшілігімен рейдерлік жасаған деген күдікке ілінген ҰҚТ алты мүшесі іздеуде жүр. Атап айтсақ, Елдос және Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов. Еске салсақ қылмыстық топ Алматы қаласының кәсіпкерлерін қорқыту арқылы рейдерлік әрекетін жүзеге асырған. ҰҚТ зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен, компаниялардағы үлесін өз атына аударумен және көлеңкелі бизнеспен айналысқан», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
ҚМА ақпарынша, рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда.
 "Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56. Ақпарат берген адамдарға сыйақы қарастырылған», - деді ведомстводан.
Еске салсақ, 20 маусымда белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты рейдерлік дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Кейін қаржылай мониторинг агенттігі Нұршы Какеновтен «Karuan» ЖШС рейдерлік басып алу туралы арыз түскенін, арызданушының мәліметі тексеріліп жақанын, бірақ ҚМА сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғаны туралы ақпаратты растамағаны хабарланды.
14 шілдеде белгілі болғандай, Алматыда белгілі бизнес-құрылымдарды басып алу жөніндегі рейдерлік топтың әрекеті құрықталды. Қаржылай мониторинг агенттігі хабарлағандай, «қаскөйлер күш қолдану, қорқыту және бопсалау арқылы елдегі белгілі кәсіпкерлерден өз мүліктерін қайтарымсыз беруге мәжбүрлеген».
ҚМА-нің рейдерлер тобын ұстау туралы хабарламасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісіне айыптаулардың көптеп тағылып жатқан кезінде шықты. Ол президент болып тұрған кезде Болат Назарбаев тарапынан рейдерлік жасау туралы хабарлар БАҚ деңгейінде жарияланбаған еді. Дегенмен, ресми түрде болмаса да Болат Назарбаевтың аталмыш қылмыс түрлеріне қатысы болуы мүмкін екені айтылып қалып жүрді.
15 шілдеде ҚазТАГ сотталған бизнесмен Алмас Абдыгаппаровтың туыстары Алматыда болған рейдерлік ісі бойынша қамауға алуларды Болат Назарбаевпен байланыстырды.
18 шілдеде бизнесмен Икрам Абдукаримов Қоспаевты рейдерлік жасады деп айыптады, оны «Болат Назарбаевтың рейдерлік басып алу жөніндегі маманы» деп атады.
21 шілдеде, ҚМА рейдерлік басып алу бойынша күдіктілердің ұсталғанын жеткізді. Іс фигуранттары арасында Қоспаев бар. Оған іздеу жарияланды.
Атап өтелік, 19 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерлік басып алумен күресті күшейтуді тапсырған еді.
20 тамызда Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты шағым бойынша қылмыстық істің қозғалғаны расталды.
31 тамызда белгілі болғандай, белгілі бизнесмендерге рейдерлік басып алу жасағандарға Т18 млрд көлемінде зиян келтірді деген айып тағылуда.
8 желтоқсанда Қазақстанның белгілі бизнесмендеріне рейдерлік шабуыл жасау ісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды, ал 14 желтоқсанда  ол жаңа деректермен толықты.

adimage