Балаева ақпараттың Facebook-те теріске шығарылуы туралы: Мәлімдеме гонконгтық кеңсемен келісілді

Күні: 17:38, 02-11-2021.

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісінің Қазақстан үкіметімен ортақ келісім жасалмағаны туралы ақпаратына аталмыш мәлімдеме мәтінінің гонконгтық корпорация кеңсесімен келісілгенін мәлім етті.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша "Meta" ("Facebook") компаниясының өңірлік кеңсесімен жүргізді. 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеме мәтіні мен оның БАҚ-да жариялануы аталған аймақтық кеңсе басшылығымен толықтай келісілген», - деп жазды Балаева сейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Facebook интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келді деп хабарлаған еді. Алайда 2 қарашада Facebook қазақстандық билік ақпаратын теріске шығарды. Оның айтуынша ешқандай да ортақ келісім жасалмаған, және қолжетімділікті ұсыну процесі «Қазақстан үшін эксклюзивті емес, ол бүкіл әлем үкіметімен жұмыс барысында қолданылады».


Жаңалықтармен бөлісу: