Бәпи активтердің қайтарылуы туралы ақпаратқа күмән келтірді: Сатыбалдыны рақымшылық жасауға дайындап жатқан жоқ па?

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ – Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қайрат Сатыбалдының актвитері қайтарылып жатқаны туралы ақпарға күмән келтіріп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенін мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға немесе рақымшылық жасуға дайындап жатқан жоқ па деген сұрақ қойды.

«Оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға дайындап жатыр ма, әлде таза рақымшылық жасауға ма? Ұрланған активтерді өз еркімен қайтарғаны жақсы. Бірақ аталмыш активтердің ел қазынасына түсетіні қаншалықты рас? Көрсетілген ресми сандарға сенеміз бе, әлде сенбейміз бе, оны тек болжау ғана қалды. Себебі қайтарылған активтер жинақталатын 100% үкіметтік компанияға қоғамдық бақылау жүргізілмейді», - деп жазды Бәпи бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, 2022 жылдың 26 қыркүйегінде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салғаны үшін Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 2023 жылы экс-презденттің туысы айыпталып отырған басқа да қылмыстар бойынша тергеу амалдарын жалғастырды. Қайрат Сатыбалдыға қарсы қылмыстық жолмен келген кірісті жымқыру ісі сотқа 10 қаңтарда түсті. 1 сәуірде Сатыбалды аталмыш іс бойынша кінәсін мойындады. 11 сәуірде белгілі болғандай, ақша жымқыру ісі бойынша Сатыбалдыға қатысты сот Астанада кейінге қалдырылған.

2024 жылдың 12 тамызында Қайрат Сатыбалдынның ісі бойынша мемлекетке Т733 млрд қайтарылғаны хабарланды – «антикор» нақты қандай активтер екенін де нақтылап берген еді.

15 тамызда Сатыбалдының Дубайдағы, Франциядағы, Мәскеу мен Бодрумдағы миллиардтаған активтері қайтарылып жатқаны хабарланды.

adimage