Қазақстанның бірнеше айырбас қосындарында доллар сатылымы кезекті рет уақытша тоқтатылды

Күні: 18:47, 12-03-2020.

Алматы. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның бірнеше айырбас қосындарында доллар сатылымы кезекті рет уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Kurs.kz. мәліметіне сілтеме жасаған агенттік тілшісі.
Долларды сату уақытша тоқтатылды, атап айтсақ, негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі айырбас қосындарында.
Аталмыш материалды дайындау кезінде Нұр-Сұлтанда долларды орташа сатып алу бағасы айырбас қосындарда Т400,6, сату – Т402 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т400,4, сату – Т401,3.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т400,8, ал сату – Т403 болды.
Бұған дейін Қазақстан қор биржасында (KASE) күндіз өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т4,64 түсіп, Т399,24/$1 құраған.
Еске салсақ, 9 наурызда АҚШ доллары елдегі айырбас қосындарында күрт қымбаттап кетті, көптеген айырбас қосындарында шетел валютасын сату уақытша тоқтатылды. Сарапшылар бұл жағдайды Қазақстанның, Ресейдің және басқа да мұнайды экспорттаушы елдер (ОПЕК) қатарына кірмейтін мемлекеттердің мұнай өндірісіне қосымша шектеулер енгізуімен байланыстырып отыр.
Осындай жағдайлардың орын алуынан ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкімет пен мемлекет басшысына есеп беретін орган басшыларымен шұғыл жиналыс өтті. Әлемдегі қаржылық-экономикалық жағдай мен оның Қазақстан экономикасына әсері талқыланды. Президент үкіметке, Ұлттық банк пен басқа да мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берді. Үкімет 2020-2022 жылдарға республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізеді деп күтілуде. Кейін өзінің Twitter парақшасында Тоқаев мемлекеттің халық алдындағы өз міндеттемелерін орындайтынын мәлімдеді.
10 наурызда ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25%-тен 12% дейін өсірді.


Жаңалықтармен бөлісу: