Қазақстанда жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылды

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылды, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.
«Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін барлық валюталық ипотекалық қарыз алушыларды Бағдарлама аясында барынша қамту мақсатында осы қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін, таратылып жатқан «Астана Банкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ банктеріндегі қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды», - деді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков.
Ол қарыздар Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландырылуға тиіс деп толықтырды.
«Ұлттық Банк басшысының орынбасары Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, қарыз алушылар 2019 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде қайта қаржыландыруға өтінішпен кредитор банкке жүгінулері қажет. 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға 64,9 млрд теңге сомасына 7 735 валюталық ипотекалық қарыз мақұлданды, 51,4 млрд теңге сомасына 6 283 валюталық ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Бағдарламаны реттеуші 2015 жылдан бері жүзеге асырып келеді.
«2004 – 2009 жылдардағы кезеңде банктер берген және жалғыз баспанамен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық Банк 130 млрд теңге бөлді. Бөлінген қаражаттың толығымен игерілуіне байланысты қарыздарды қайта қаржыландыру бұған қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуге келіп түскен ақша есебінен жүзеге асырылуда. Мәселен, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктер Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға 165,9 млрд теңге сомаға 26 803 қарызды мақұлдаған, 148,3 млрд теңге сомаға 25 249 қарызды қайта қаржыландырды, қарыз алушылардың 51,3 млрд теңге сомаға сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегі кешірілді», - деді қаржылай реттеуші.
Естеріңізге сала кетейік, 18-сәуірде Ұлттық банк қызметінің қорытындылары бойынша өткен кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Эксимбанк», «Астана Банкі» және «Qazaq Banki» банкінің «өте нашар» жұмысын атады. Ол осы банктердің акционерлері осы қаржы институттарын «нашар басқарып», «ақша салушылардың қаражатын ең дұрыс емес жолмен тартып алған» деп атап өтті. Мемлекет басшысы, егер бұл банктер жұмысын жалғастырғысы келсе, квазимемлекеттік сектор мен азаматтардың қаражатын қайтаруды талап етті.

adimage