Алматы. 23 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда жаңа жылдық тірі шыршаның бағасы Т2 мыңнан басталып, Т5 мыңға дейін жетеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Жаңа жылдық шыршаны Т2 мыңға Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында сатып алуға болады. Алматыда, Алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тірі шыршаның бағасы Т3 мың, Маңғыстауда – Т3,5 мың, Атырау және Түркістанда – Т4 мың. Тірі шыршалардың бағасы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтанда қымбат – Т5 мың.
Бұл ретте тірі шыршалардың көтерме бағасы Т1 мыңнан басталады.
Ал жалпы жасанды шыршалардың бағасы Қазақстанның бүкіл өңірінде қымбат болып шықты. Олардың ең арзаны – Ақтөбе, Қарағанды және Ақмола облыстарында – бағалары сәйкесінше, Т2,5 мың, Т3,5 мың және Т3,9 мың. Т4 мыңға Маңғыстау және Павлодар облыстарында сатып алуға болады. Алматыда, Алматы облысында, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жасанды шыршалардың бағасы Т5 мыңнан басталады. Жамбыл облысында бағалары Т5,5 мыңнан басталады, Шығыс Қазақстан облысында – Т6,5 мың, Қостанайда – Т6 мың 900, Қызылорда және Түркістанда - Т7 мың, Нұр-Сұлтанда – Т8,5 мың.
Бұл ретте, үйде қолдануға арналған шыршалардың бағасы биіктігі мен жасалған материалына байланысты Т300 мыңға дейін жетуі мүмкін, кей жағдайларда Т2 млн. да асады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы су тасқыны – ТЖМ мәліметі27 Наурыз 2024, 14:35
-
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!7 Наурыз 2024, 13:16
-
Қазақстан мұсылмандары Рамазан айы мен ауыз бекітуге дайындалуда22 Ақпан 2024, 13:58