Қазақстанда мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің есімдері белгілі болды

Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Грант иегерлерінің тізімімен мына жерде танысуға болады.
ҚР білім және ғылым министрлігінің ақпарынша, грант тағайындау рәсімі толық автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады, соның арқасында адами фактор толық жойылған.
«Құрамында мемлекеттік орган, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ректорлар кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Жас Отан» жастар қанатының, Студенттер альянсының, үкіметтік емес ұйымдардың, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдері бар комиссия барлық процесті бақылады», - деді ведомстводан.
Министрлікте атап өткендей, 2019 жылдан бастап білім гранттары оқу бағдарламалары тобы бойынша беріледі, яғни әр түлек ЖОО-ға тіркелерде нақты оқыту бағдарламасын таңдайды.
«Сонымен қатар, биыл үшінші жыл «Алтын белгі» төс белгісінің, жалпы оқыту пәндері бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балы бірдей болып қалған жағдайда ғана басымдыққа ие болады. Басқа жағдайда олар гранттар конкурстарына бірдей талапта қатысады», - деп еске салды БҒМ.
Сонымен қатар конкурс нәтижесімен Ұлттық тестіеу орталығының сайтында, «Егемен Қазақстан» сайтында, «Казахстанская правда» сайтында, «Узнай результаты конкурса» телеграм-бот арқылы танысуға болады.

adimage