Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 135-ке жетті

Ақтау. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 135-ке жетті, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 жағдайына арналған ресми ресурстан.
«Соңғы ақпарлар: 135 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қ. – 69; Алматы қ. – 48; Қарағанды қ. – төрт; Шымкент қ.– екі; Ақмола облысы – бір; Алматы облысы – бір; Ақтөбе облысы – бір; Атырау облысы – үш; Жамбыл облысы – үш; Павлодар облысы – бір; Солтүстік Қазақстан облысы – бір; Маңғыстау облысы – бір. Жазылғандар үшеу: Нұр-Сұлтан қ. -1, Алматы қ. – екі. Қайтыс болғандар - біреу», - делінген жұмадағы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 534,5 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 24,1 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
27 наурызда коронавирустан жазылып шыққандар саны үшеу болды. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.

adimage