Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 50-ден асты

Күні: 09:42, 05-06-2020.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавирус инфекциясынан (КВИ) қайтыс болғандар саны 50-ден асты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«КВИ-дан төрт адам қайтыс болды. Қарағанды облысы - 1958 жылы туған науқас, Павлодар облысы - 1957 жылы туылған науқас, Нұр-Сұлтан қаласы - 1944 жылы туған науқас, Шымкент қаласы - 1950 жылы туылған науқас. Өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды КВИ-дан болған деп тіркеуді ұйғарды. Қазақстанда барлығы 52 адам қайтыс болды», - делінген жұмада жарияланған ресми мәлімдемеде.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 12067 адам COVID-19 жұқтырған, 6606-сы сауыққан.


Жаңалықтармен бөлісу: