Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 дейін өсті

Күні: 10:49, 20-03-2020.

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 дейін өсті, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бес жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49 болды, оның ішінде Алматыда-22, Нұр-Сұлтанда -25», - делінген Қазақстандағы 20 наурыз сағат 08,30-дағы коронавирус жөніндегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.
Соңғы ақпар бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 44 дерегі расталған еді (19- Алматыда, 25- Нұр-Сұлтанда). Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда президент Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай енгізуге қаулы етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді.
18 наурызда ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарды 3,5 аптада емдеп шығуға ниетті екендерін мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: