Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты шаралар ресми түрде басталды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
«Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концерт «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті.
«Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген. Ақын шығармаларын КСРО және Қазақстанның халық әртістері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, белгілі мәдениет қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева, Берік Айтжанов, сондай-ақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар орындады», - деп хабарлады Ақордадан.
Еске салсақ, 16 қаңтарда Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Абайдың 175 жылдығын атап өту аясындағы ҚР МСМ-нің барлық шарасына бюджеттен Т3 млрд шамасында қаржы жұмсау жоспарланып жатқанын мәлімдеген еді.
Қатысты сілтемелер
-
Жапаровтың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша 10 ға жуық құжатқа қол қойылды19 Сәуiр 2024, 16:57
-
Екіжақты келіссөздер өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады- Тоқаев19 Сәуiр 2024, 15:48
-
Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі19 Сәуiр 2024, 15:32
-
Павлодарда автобус жүргізушісі жол белгілерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен19 Сәуiр 2024, 15:22