Қазақстанда 7-12 шілде аралығында 111 адам коронавирустен қайтты

Күні: 10:15, 13-07-2020.

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда 7-12 шілде аралығында 111 адам коронавирустен қайтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«7-12 шілде аралығында Қазақстанда коронавирусты инфекциядан 111 адамның өлімі тіркелді», - делінген дүйсенбідегі ресми хабарда.
Сонымен Қазақстан Республикасында COVID- 19 індетінен 375 адамның өлімі тіркеліп отыр. Жалпы елімізде індет басталғалы бері 58 253 адам ауру жұқтырса, 33 814 адам жазылып шыққан.


Жаңалықтармен бөлісу: