Қазақстанда 13 елдің азаматтарына арналған вакцинация паспорты жарамды болды

    Астана. 7 қазан. ҚазТАГ-Қазақстанда 13 елдің азаматтарына арналған вакцинация паспорты жарамды болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   "Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын", - делінген денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың бейсенбі күнгі қаулысында.
    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан және Молдова азаматтары үшін вакцинация паспорттары жарамды болған.


adimage