Қазақстан Журналистер одағының басшысы Шымкентте журналистермен кездесті

Шымкент. 24 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаев Шымкентте журналистермен кездесті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Матаев жаңа бөлімше – Қазақстан журналистер одағының қалалық филиалының ашылуымен және оның төрағасы етіп Уәли Қыдырдың тағайындалуымен құттықтады. Уәли Қыдыр «Қазақстан» телеарнасының Шымкенттегі филиалын басқарады.
Қоғамдық бірлестіктің жарғы талаптарына сәйкес жаңа бөлімшенің мақсаты мен міндеттері анықталып, журналистердің құқықтары мен сөз бостандығының қорғалуына, баспасөз, телевидение және радио қызметкерлерінің, сондай-ақ әсіресе журналистикада жаңа технологиялардың дамуына байланысты әлеуметтік желі қолданушыларының кәсіби этиканы сақтауларына баса назар аударылды.
Кездесуге шақырылған редакция басшылары, қалалық әкімдіктің коммуникация қызметінің өкілдері, Nur Otan партиясы филиалының өкілдері халықпен, азаматтық қоғам белсенділерімен әлеуметтік сипаттағы проблеманы шешу және мәселелерді анықтау саласындағы қарым-қатынас тәжірибесімен бөлісті. Журналистер елдегі ірі мегаполистің имиджін жақсарту бойынша атқарушы билік органдарына бірқатар ұсыныстарын айтты, тұрғын үй құрылысы саласында жүргізіліп жатқан әлеуметтік бағдарламалар аясында репортерлер мен олардың отбасына қолдау керектігіне назар аудартты.
Қазақстан Журналистер одағының басшысы өңірлік баспасөзды дамыту, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды жақсартуға ұсыныс енгізу, ҚР Қылмыстық кодексінен жала жабу туралы баптың алынып тасталуына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол сондай-ақ, алдағы жұмада Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары журналистерінің қатысуымен болатын Түркістандағы медиафорумға қатысатынын жеткізді.

adimage