Қазақстан Журналистер одағының астаналық филиалының басшысы болып Шархан Қазығұлов тағайындалды

Астана.17 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағының Астанадағы филиалының төрағасы болып Шархан Қазығұлов тағайындалды, деп хабарлады осы қоғамдық бірлестіктің кеңес шешіміне сілтеме жасаған ҚазТАГ тілшісі.
Ш. Қазығұлов – Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын Балхаш және Іле аудандық газеттерінің редакторы болып бастаған, сосын премьер-министр баспасөз қызметінің кеңесшісі, республикалық «Нұр-Астана» және «Айқара» газеттерінің бас редакторы, Қазақстан президенті баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болған. Соңғы кездері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қоғаммен байланыс департаментінің сарапшысы болып қызмет атқарған.
Ш. Қазығұлов Қазақстан журналистер одағы сыйлығының, түрлі халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты болып табылады.

adimage