Астана. 16 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан синоптиктері көктем жылы болады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Көктемде, ауа температурасының оң аномалиясы бар күндер, көбірек болады деп болжануда. Мәселен, наурыз айында ауаның орташа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының солтүстік-батысында нормаға жуық болады деп күтілуде», - делінген көктемге арналған сәрсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Ал сәуір айында еліміздің барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болмақ. Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында болса, норма шамасында.
«Алайда, көктемгі ауа райы қысқы тосынсыйлар тудыруы мүмкін. Себебі өтпелі маусымда синоптикалық процестер өте тұрақсыз. Солайша, суық ауа массаларының ағындары кезінде, қарлы боран көбінесе солтүстік аймақтарда, ал арктикалық антициклондардың кіруімен оңтүстік аймақтарда аяз болуы мүмкін», - делінген хабарда.
Мамыр айында республиканың басым бөлігінде, ауаның орташа айлық температурасы көп жылдық нормаға жуық болады деп күтілуде. Алайда бірқатар облыстарда мамыр күндері ауа температурасы климаттық нормадан 1°С төмен болады деп болжануда. Әсіресе, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде. Бұл Сібірдің аудандарынан суық ауа массаларының ағып кетуіне байланысты болады деп болжануда.
«Наурыз айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, ал Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде нормадан артық болады деп болжануда. Ал сәуірде жауын-шашын мөлшері, республиканың басым бөлігінде, еліміздің батысында, қиыр солтүстігінде, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы, тау бөктерлі аудандарында нормадан аз болмақ. Мамыр айында болса, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Жамбыл облысының солтүстік-батыс жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында нормадан аз болады деп болжанады», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34