Қазақстан шетелде діни білім алғысы келетіндердің ойын өзгертуді жоспарлауда

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан шетелде діни білім алғысы келетіндердің ойын өзгертуді жоспарлауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шетелде теологиялық білім алу ниеті бар адамдармен отандық теологиялық оқу орындарында оқытудың орындылығы туралы түсіндіру әңгімелерін өткізу», - делінген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасында.
Аталмыш тармақтың орындалуына жауапты болып ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, білім және ғылым министрлігі, әкімдіктер көрсетілген. Осындай әңгімелесулер арқылы билік талдамалы ақпарат жинауды жоспарлауда.
«Студенттердің шетелдік күмәнді діни оқу орындарында баруына жол бермеу», - делінген «күтілетін нәтиже» бөлімінде.
Сонымен қатар, жоспар жобасында мынадай тармақтар бар: «Діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан олардың қызметіне мониторинг жүргізу» және «Жақтаушылар қатарынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу».
Сонымен қатар, жоспарда «өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, қазақстандық мәдениет деңгейін арттыру бойынша діндар әйелдер арасында алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» және «Діни негіздегі қақтығыстардың ескерту және алдын алу бойынша бөлінген мақсатты топтар немесе дінге сенуші азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу».
Бұдан басқа жоспарда «Жастардың антиэкстремистік санасын қалыптастыруға, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру» және «Халықты деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан қорғау бойынша діни бірлестіктер өкілдерін тарта отырып қарсы іс-шаралар өткізу» секілді шаралар да бар.

adimage