Қазақстан мемхолдингтерінде бірқатар жүйелі проблемалар анықталды – Тоқаев

Күні: 22:22, 24-01-2020.

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Динара Халдарова. Қазақстан мемхолдингтерінде бірқатар жүйелі проблемалар анықталды, деп мәлімдеді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«2007 жылдан 2018 жылға дейін мемхолдингтерге барлығы Т7 трлн астам сома бөлінген. Сондықтан еліміз нақты нәтижелерді көруі керек. Есеп комитетінің талдау қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблемалар анықталды: қызметті қайталау, үлкен қылып көрсетілген құрылым және штаттар», - деді Тоқаев жұма күні кеңейтілген үкімет отырысында.
Ары қарай ол қандай мемхолдингтерде проблемалар анықталғанын атап шықты.
«Байтерек» холдингі. Мұнда 63 мекеме бар, оның 11-і құрамында 2,8 мың қызметкері бар мердігер ұйым. «ҚазАгроның» 2 мың қызметкері бар үш еншілес компаниясы бар. «Байтерек» әкімшілік шығындары Т54 млрд. асып түсті, оның Т24 млрд. жалақыға кетеді», - деп атап өтті Тоқаев.


Жаңалықтармен бөлісу: