Қазақстан мұсылмандары Ораза айтты мерекелеуде

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан мұсылмандары Ораза айтты мерекелеуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Еліміздегі барлық мешіттерде таң атқалы мерекелік «айт-намаздары» оқылып жатыр. Бұл күні исламда дастархан жайылып, бір-бірін құттықтайды. Діни қағида бойынша ораза біткеннен кейінгі келесі күн ресми түрде мереке болып саналады, алайда мұсылман дәстүрі бойынша көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда да Ораза айт үш күн бойына аталып өтеді. Мәселен, 2019 жылы ол 5-7 маусым аралығында мерекеленеді
Еліміздің мұсылмандарын мерекелерімен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.
«Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер. Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт құтты болсын!» - делінген Тоқаевтың сәрсенбідегі құттықтауында.
Қазақстанда исламды 11 млн астам адам ұстанады - халықтың 70% -дан астамы.

adimage