«Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша төрт ауылда бір ғана тұрақты жұмыс бар

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ - Мадина Әлімханова. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында төрт ауылға бір ғана тұрақты жұмыс орны ашылады, деді сенатор Әли Бектаев.
«Бүгінгі таңда тізімде 3561 елді мекен бар. Бұл негізінен облыс орталықтары мен айналасындағы ауылдар. (…) «Ауыл - ел бесігі» жобасын дайындау кезінде тұрақты жұмыспен қамту мәселелері ескерілмеді. 2020 жылы ауылдық жерлерде құрылатын 20 мың жұмыс орнының 800-і ғана тұрақты болады. Бұл дегеніміз, төрт елді мекеннің әрқайсысында орташа есеппен бір ғана тұрақты жұмыс орны құрылады деген сөз », - деді Бектаев бейсенбіде Сенат отырысында депутаттық сауалды жариялап.
Ол ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша 22 жобаға 1,6 миллиард теңге жұмсалғанын атап өтті.
Депутаттың айтуынша, бұл жұмыс «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Еңбек», «Бизнестің жол картасы-2025» сияқты мемлекеттік бағдарламалармен келісілмеген. Сонымен қатар, ауылдың инфрақұрылымдық мәселелерін түбегейлі шешу үшін жүйелік шаралар қарастырылмаған.

adimage