Арыстағы қару-жарақ жарылысы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ - Арыстағы қару-жарақ жарылысы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметінен.
«Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дүйсенбі күні.
Ол атап өткендей, Арыс қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға, эвакуцияланған халықтың мүлкін қорғауға, олардың Арыс қаласынан эвакуациялануына жұмылдырылған.
«Төтенше жағдай орын алған орынға ҚР ІІМ бөлімшесінің жеке құрамдағы 463 адамы мен 53 бірлік техникасы жұмылдырылған. Оның ішінде азаматтық қорғаныс органының 193 қызметкері мен 23 бірлік техникасы, полиция бөлімшелерінің 270 қызметкері мен 30 бірлік техникасы бар. Сонымен қатар Арыс қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға ҚР Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінің 500 әскери қызметкері жұмылдырылған», - деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі.
Сондай-ақ, оның айтуынша, әлеуметтік желілерде Арыс қаласында жоғалған балалар туралы ақпарат таралуда, оны ішкі істер органы тексеруде.
«Оқиға орнынан эвакуацияланғандардың қайда орналасқанын анықтау бойынша барлық шаралар қолданылуда. Ішкі істер министрлігі байбалам шақырмауға және ресми аөпарат көззі таратқан хабарға ғана сенуге шақыруда.
Еске салсақ, Шымкенттің төтенше жағдайлар департаменті «Қауырт желі» жұмысын ашты, ол тәулік бойы жұмыс жасайтын болады. Қауырт желі телефонының нөмірі 8 (7252) 44-94-72», - деді Ораз.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Арысқа жақын маңдағы елді мекендерден халық өз беттерімен кетуде.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінде хабарлағандай, 23 адам Арыстағы жарылыс салдарынан ауруханаларға түскен.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қзаақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Соңғы ақпар бойынша, оқиға орнында өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шеккенер анықталуда. Облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылған.
Арыс қаласы әкімінің өкімімен халықты Арыстан 50 шақырым жердегі Монтайтас ауылдық округіне эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар халықты көшіру үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды.
Елдің әр түрлі өңірінде жарылысқа байланысты жергілікті ТЖД-де қауырт желі ашылған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Шымкент–Арыс–Тимур учаскесіндегі жолаушылар пойызының кешіктіріліп жатқанын хабарлаған еді.
Кейін Otyrar Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан нға жуық адамның зардап шеккенін хабарлады, оның ішінде үшеуінің жағдайы ауыр.

adimage