Ғалымдар Қазақстанда коронавирус 11-16 наурызда пайда болуы мүмкін деп болжауда - Бекшин

Күні: 19:04, 10-03-2020.

Астана. 10 наурыз. ҚазТАГ – Азиза Жамалиева. Ғалымдар Қазақстанда коронавирус 11-16 наурызда пайда болуы мүмкін деп болжауда, деп мәлімдеді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин
«Қазір, біздің шынымен де орталығында орналасуымыз оның болатынын білдіреді, бірақ қашан екені белгісіз. Ғалымдарымыз 10 және 16 наурызда болуы мүмкін деп айтуда, бұл әрине болжам. Болжам дегеніміз – ол сондай нәрсе, болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін», - деді Бекшин сейсенбіде ОКҚ брифингінде.
Ол атап өткендей, Қазақстан «дәл ортасында» орналасқан, яғни эпидемиологиялық жағдайлары қолайсыз елдермен қоршалған.
«Бұл ғалымдардың математикалық моделдеуі. Олар нақты бір формула бойынша әзірлейді, олар болжам жасайды. Біздің болжам бойынша – шамамен 11, 16 наурызда елде коронавирус пайда болуы мүмкін. Десек те бұл болжам. Бір апта бұрын немесе кейін де болуы мүмкін. Елімізде пайда болған жағдайда арнайы шараларды қабылдайтын боламыз», - деді Бекшин.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 80,7 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 3 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.


Жаңалықтармен бөлісу: