Алматыда тәуелсіз бақылаушылар екінші қайтара президент сайлауын өткізуді талап етуде

Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда тәуелсіз бақылаушылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының кандидаты Әміржан Қосановтың қатысуынсыз екінші қайтара президент сайлауын өткізуді талап етуде.
«Мен бұл сайлауды заңсыз деп жарялауды талап етемін, мен сайлау заңының бұзылуына орай Тоқаевты заңсыз президент деп тануды талап етемін, мен бас прокуратурадан қолдан жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етемін, және барлық кінәлілерді жазалап, ендігәрі олай етпейтіндей етіп, оларды 4 жылға бас бостандығынан айыруды талап етемін, себебі олар біздің даусымызды ұрлады. Мен Қазақстан Республикасында қайтадан сайлау өткізуді талап етемін, оған өз беделдерін түсіретін кандидаттар Тоқаев пен Қосанов қатыспауы керек», - деді бақылаушы Тимур Почанов жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Өз кезегінде басқа бақылаушы Серік Әбішев президент сайлауы кезінде жіберілген көптеген бұзушылықтар туралы айтты.
«Бақылаушылардың бүтіндей бір армиясы құрылды – Қазақстан бойынша 1 мыңнан астам, олар әр сайлаушының даусын қорғады. Олардың есептерінің қорытындысы бойынша біз бірнеше қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарын үйлестірдік, сол бақылау қорытындысы бойынша біз учаскелердегі көптеген бұзушылықтарды анықтадық», - деді ол.
Оның айтуынша, бақылаушылардың кандидаттарды тіркеу процесін, құжаттарын ұсыну және мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғандарын бақылау мүмкіндіктері болмаған.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бақылаушылардың үстелінің алыс тұрғаны соншалық, олар бақылаудың өзін тиімді жүзеге асыра алмаған. Сондай-ақ, сайлау өткен күні прокуратураның қауырт желісі жұмыс жасамаған. Басқа бұзушылықтар қатарында Әбішев мыналарды атады. Дауыс беру алдында бюллетендреді қайта санау, бақылаушыларға видео-аудио жазба жасауға тыйым салу, дауыстарды санауды 22.00, 23.00 және тіпті 00.00-де бастау, дауыс бергеннен кейінгі екі күн ішінде сайлау учаскелерінде хаттамалардың болмауы және т.б.
Бұдан басқа, Әбішев экзит-поллдың қорытындысының дұрыстығына да күмән келтірді.
«Сайлау күні сайлау учаскелеріндегі екі қоғамдық бірлестіктің экзит-поллдарының қорытындысы жарияланды. Мен экзит-полл жүргізіп жүрген бірде-бір адамды көрген жоқпын. Оның қалай жасалғаны күмән келтіреді», - деді ол.
Әбішевтің ақпарынша, Алматыдағы 208 учаскедегі кандидаттар үшін берілген дауыс саны, бақылаушылардың нәтижесі мен ресми нәтижелердің бір-бірінен айырмашылығы зор.
«Бұл учаскелердің қорытындысы бойынша Тоқаев 50% да жинамаған, бірақ Қосановтан жоғары тұр», - деді Почанов.
Бұл ретте қайта сайлаудың өтуіне қол жеткізуге тырысу үшін қандай да бір қадам қабылдайсыз ба деген сұраққа Почанов бұл талаптарды ҚР азаматы ретінде тек өз атынан ғана айтқанын мәлімдеді.
«Мен мұны өз атымнан айттым. Егер бұл мәлімдеме астында басқа да қатысушылар қол қоятын болса, бұл олардың азаматтық қадамы болмақ», - деді Почанов.
Өз кезегінде бақылаушы Айман Тұрсынхан сайлаушылардың келуі де ресми ақпарға сәйкес келмейді деді.
«Сағат 14.00-де халықтың келуі 22%-дан кем. Жабылар уақытта, яғни сағат 19.57-де шамамен 32% болды.Тек әскерилер, режимдік нысандар орналасқан жерлерде ғана қатысым жоғары болған шығар, алайда бейбіт нысандарда қатысым төмен болды», - деді ол.
Баспасөз мәслихатын өткізу барысында залда отырған бірқатар азамат баспасөз мәслихатын тоқтатпақ болып, спикерлердің сөздерін бөліп, журналистердің де жұмысына кедергі келтірді.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті. .
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілер мен ұстаулар 9-12 маусым аралығында өтті. .
13 маусымда ҚР бас прокуратура қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпеисов «заңсыз акцияларға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін сот 957 тұлғаға қытысты әкімшілік жаза тағайындады, оның ішінде 670-і –қамауға алынса, 115-не айыппұл салынды, 172-сі ескерту алды» деп мәлімдеді.

adimage