Алматыда Төле би көшесінде оталған ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген – әкімдік

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Алматыда Төле би даңғылындағы Sulpak дүкені жанындағы оталған ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген екен, деп хабарлады қаланың жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.
«Мамандар анықтағандай, кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін кәдімгі емен ағаштары», - деп мәлімдеді сәрсенбідегі брифингте Ливинская.
Бұған дейін белгілі болғандай, Алматыда Sulpak дүкенінің қасындағы жайқалып тұрған ағаштар оталған. Бұл жайт жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды. 24 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төле бидегі ағаштардың оталуына қатысты тексеру жүргізуді тапсырды. Нәтижесінде прокуратура қылмыстық тексерудің басталғанын жеткізді.

adimage