Алматы облысында сәрсенбіде бұршақ жауады деп күтілуде

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысында сәрсенбіде бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.  
«Алматы облысында 23 мамырда күндіз кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан басталған жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 18-23 м/с болады», - делінген «Қазгидромет» РМК сейсенбі күні таратылған дауылды ескертуінде.  
Талдықоғанда сәрсенбіде күндіз күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан басталған жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18-23 м/с жетеді.

adimage