Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – 27-29 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде.
«Жақын күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы жоғарылап, қатты ыстық болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген жұмада таратылған хабарда.

adimage