АҚШ-тағы құқыққорғау ұйымы Серікжан Біләшті жедел түрде босатуды талап етті

Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ – АҚШ-тағы Freedom Now құқыққорғау ұйымы «Атажұрт еріктілері» қозғалысының жетекшісі Серікжан Біләшті жедел түрде босатуды талап етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бұл сот тергеуі Қазақстанда бейбіт түрде өз болмысыңды көрсетуді аяусыз жаншуды бейнелейді. Серікжан Біләш Қытайда лагерде жатқан этникалық қазақтар мен ұйғырлардың белсенді қорғаушысы болып табылады. Оның жеке өзін ұстау оның негізгі құқықтарының бұзылуы және Синьцзянда орын алып отырған сорақы әділетсіздікке назар аудартқысы келетіндер үшін қатты алаңдарлық жағдай болып отыр. Біләшке қатысты айыптаулар алынып тасталуы және ол жедел түрде босатылуы керек», - деді Freedom Now бағдарламасының жетекшісі Карл Хорберг.
Бұл ретте хабарланғандай, 29 шілдеде Freedom Now Біләштің атынан заңсыз ұстау туралы БҰҰ Жұмыс тобына петиция жолдады. Freedom Now белсендіні ұстау Қазақстан үкіметінің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті мен Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациясының сақталуы туралы міндетін бұзуы болып табылады дейді, және БҰҰ Жұмыс тобын кешіктірмей шаралар қабылдауға шақырған.
Freedom Now еске салғандай, Біләштің ісі бойныша сот 16 тамызда қайта болады.
«Қазақстандық құқыққорғаушы Серікжан Біләштің ісі бойынша сот 16 тамызда қайта жандануы тиіс. Біләшке ҚР ҚК 174 б. 1б. сәйкес, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру айыбы тағылып отыр. Егер оны кінәлі деп таныса, оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр», - делінген ұйым мәлімдемесінде.
Еске салсақ, Біләш 10 наурызда Алматы қонақүйлерінің бірінде ұсталды және қазір үй қамағында отыр. Тергеу «Атажұрт еріктілері» қозғалысының лидеріне «әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған әдейі әрекеттерді жасау» айыбы тағылуда. Саяси-белсенді Синьцзяндағы этникалық қазақтарға қатысты қытайлық билікті сынға алуымен таныс. Ал «Атажұрт еріктілері» ұйымының өзі әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеу ала алмай жатыр.
12 шілдеде 10 шақты белсенді – 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына қатысушылар - Алматыда Желтоқсан мен Сәтпаев көшелеріің қиылысындағы «Желтоқсан» ескерткішіне жиналып, Қытайдағы этникалық қазақтардың құқықығын қорғайтын «Атажұрт еріктілері» ұйымының лидерін тез арада босатуды талап етуде. Ол үй қамағында отырған еді. Пикетке шығушылар Біләшқа қатысты ізіне түсу амалдарын тоқтатуды талап етуде. Сонымен қатар, пикетке қатысушылар Еуропалық парламент саяси сотталғандар деп таныған Арон Атабекті, Макс Боқаевты және басқа да белгілі қазақстандықтарды да еске салған. Таңқаларлығы, оқиға орнында бірде-бір полицей жоқ, ал пикет бейбіт және тыныш түрде өтіп жатыр. Сондай-ақ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің белсенділері демократиялық елдерге «қазақ мемлекетін жемқорлықтан құтқаруға көмектесуге» шақырды.
29 шілдеде Нұр-Сұлтанда №2 Алматы аудандық сотында ҚР ҚК 174 б. 1б. сәйкес, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру айыбы тағылып отырған Біләштің ісі бойынша сот процесі басталды. Сот ашық тәртіпте өтті.
15 тамызда адвокаты Умарова Біләштің отбасының тұрғылықты мекенжайы бойынша үй қамағында болуы үшін Алматыға жеткізілгенін мәлімдеді.

adimage