8-10 сәуірде Қызылорда және Жамбыл облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ – 8-10 сәуірде Қызылорда және Жамбыл облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қызылорда облысының кей жерлерінде 8 сәуірде таңертең және күндіз -9 сәуірде тәулік ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, оңтүстікте термометр +3 градусты көрсетеді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, 8-9 сәуірде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
«9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа төмендейді. Таразда 9-10 сәуірде ауа температурасы түнде 0+2 дейін төмендейді», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage