3-6 қазанда ҚР бірқатар өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді, қар жаууы және бұрқасын болуы күтіледі

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – 3-6 қазанда ҚР бірқатар өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді, қар жаууы және бұрқасын болуы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 03 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: түнде және таңертең 03 қазанда тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90%», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
4 қазанда Қостанайда, 04-05 қазанда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде, 5 қазанда Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 04-05 қазанда күндіз ауа температурасы +2+7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
«5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 6 қазанда күндіз ауа температурасы +2+7 градус жылыға дейін күрт төмендейді», - делінген хабарда.
5-6 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы +2+7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
«Нұр-Сұлтанда 5 қазанда кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ. Күндіз +2+4 градус жылыға дейін күрт төмендейді», - деп ескертті синоптиктер.

adimage