Алматы. 14 ақпарат. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР ақпарат және коммуникация министрлігі журналистерді іс-шараларға қатыстырылу ережелеріндегі өзгерістер туралы бұйрығын жариялады. Аккредиттеуді алу үшін журналистер жеке куәліктерінің көшірмелерін, редакциядан еңбек келісім-шартының көшірмесін, аккредиттейтін ұйымның ішкі тіртіп ережесін сақтауға жазбаша келісімін және бас редактордың қолы қойылған өтінішін ұсынуы керек. Алайда жаңа талаптардың көбі заңға қайшы келеді.
- Тамара Николаевна, шын мәнінде бұйрық шығарып, аккредиттеудің қағидасын өзгерту керек пе?
- Мен бұл жаңа бұйрықтың шығарылуы не үшін керек болғанын көріп отырған жоқпын, себебі БАҚ туралы заңда кімнің аккредиттеуге құқығы бары, кімнің аккредиттелуге құқығы бары анық жазылған. Бізде аккредиттеу туралы қағида бар. Министрлік мұндай жаңа бұйрықтың шығарылуына ненің себеп болғанын түсіндірген жоқ. Журналистер үшін, сөз бостандығы үшін оның керегі жоқ. Ең бастысы, журналистердің ақпаратқа қол жетімділігіне кедергі келтіретін қосымша қандай да бір жағдай жасағанда бұл бүкіл қазақстандықтың ақпаратқа қол жетімділік құқығын шектейді, себебі журналистер ақпаратты өздері үшін жинамайды. Олар ақпаратты қоғамға хабарлау үшін жинайды. .
- Бұйрық жобасына сәйкес, аккредитация алу үшін журналист редакциямен келісім-шарттық қарым-қатынасының барын растайтын құжаттарының көшірмесін ұсынуы керек. Яғни, аккредиттеу үшін еңбек шартының көшірмесін талап етуі мүмкін бе? Бұл қаншалықты заңды?
-БАҚ туралы заңда БАҚ қызметкерлерінің аккредиттелетіні жазылған, яғни аккредиттейтін мекеме ол адамның шын мәнінде сол БАҚ-та жұмыс жасайтынына көз жеткізуі керек.
- Сонда редакция беретін куәлік жеткіліксіз бе?
- Айталық ол адам қандай да бір басылымда жұмыс жасады, сосын жұмыстан шығып кеткен, ал редакция берген куәлігі әлі сақталған. Бірақ еңбек келісім-шарты – бұл жалақысы көрсетілген құжат, және көптеген редакцияда жалақы көлемі коммерциялық құпия болып табылады. Егер журналист өз жұмыс берушісімен жалақысы туралы ақпарат бар коммерциялық құпиясының сақталуы туралы келісімге қол қойған болса, онда ол жұмыс берушінің келісімінсіз ол еңбек келісім-шартын ешкімге көрсетуге құқылы емес. Жұмыс беруші рұқсат етпеуі мүмкін. Еңбек келісім-шартында аккредиттейтін мекеме білуге міндетті емес еңбек қатынастарына қатысты басқа да талаптар болуы мүмкін. Сондықтан еңбек келісім-шартын емес, журналистің сол БАҚ-пен еңбек қатынастарында тұрғанын растайтын жұмыс орнынан анықтама сұратқаны дұрыс болар еді. Мен еңбек келісім-шартын сұратқандары артық деп ойлаймын.
- Блогерлер ешкіммен еңбек келісім-шартында тұрған жоқ, одан басқа штаттан тыс қызметкерлер, стрингерлер бар...
- Штаттан тыстар – олар редакциямен еңбек шартына тұрмайтын журналистер. Олар әдетте ақысы төленетін қызмет көрсету туралы шарт жасайды, олар ара-арасында ғана материал жасайды, тіпті басқа қалада болулары да мүмкін. Бұйрық жобасында жазылғандай, өтінішке журналистер мен БАҚ арасындағы келісімшарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжат көшірмесі қоса жалғанады. Сондықтан олар аккредиттеледі.
Ал блогерлер қайтпек? Бұл жерде нақты бір кемсітушілік орын алып отыр. Егер ол адам ешқандай редакциямен еңбек келісім шартын жасамаған болса, онда ол аккредиттелу құқығынан айырылады. Егер блогерлер БАҚ туралы заңның қандай да бір талаптарын бұзса, онда оларды журналистер секілді жауапқа тартады. Олардың міндеттері мен жауапкершіліктері журналистердікі секілді, ал құқықтары аз. Бұл ретте интернет-ресурстар бізде баспа БАҚ-қа қарағанда үлкен сұранысқа ие.
- БАҚ туралы заң министр бұйрығына қарағанда үлкен күшке ие. Яғни, министрдің бұйрығы БАҚ туралы заңға қайшы келсе, ол бұйрықты орындамауға бола ма?
-Біздің қазақстандық шындыққа қарайықшы. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер, әсіресе әкімдіктер журналистерді өз жиналыстарында, конференциялары мен іс шараларында көруге құштар емес. Журналистерді оларға қатыстырмаудың барлық мүмкін кедергілері жасалып жатыр, тіпті іс-шара 9.30-да басталады деп жариялайды да, өздері 9.00-де бастап кетеді, сөйтеді де 9.30-да келген оларды кіргізбейді, себебі шара басталып кеткен. Сондықтан мен ойлаймын, шенеуніктер аккредиттеу рәсімін күрделендіру және аккредиттейтін журналистер санын азайту үшін сол бұйрықты қолданатын болады. Заңда аккредиттеу ережесін бұзғаны үшін аккредиттеуден айырады деп көрсетілген, ал егер аккредиттеу ережесін министрлік белгілесе ше.
Әрине, егер журналистке аккредиттеуден бас тартса, мәселен, ол еңбек келісім-шартының көшірмесін ұсынбағаны үшін, онда ол немесе оның редакциясы сотқа жүгінуге құқылы. Себебі заңда ондай талап жоқ, бірақ тек бірінші сатыдағы сот процесіне 4-6 ай уақыт кетеді, сосын тағы аппеляциясы бар. Оның үстіне соттың қандай шешім шығаратыны да белгісіз.
-Сіз ішкі тәртіптің сақталуына журналистен жазбаша келісім алу талабына қатысты не айтасыз?
- Жұмыстың жүргізілуіне қатысты қандай да бір ішкі тәртіп, кесте бар. Шенеуніктер күні бойы жұмыс жасайды және бұл шенеуніктерді маңызды жұмыстан алаңдатпау үшін жасалған деп айтылады.
- ішкі тіртіпте кез келген нәрсе болуы мүмкін. Дресс-код, мысалы, костюммен, галстукпен келу немесе биік өкшелі аяқ киіммен және боянып келу деген секілді…
- Иә, ондай болуы мүмкін. Бір жағынан, барлық ішкі тәртіп ережелері сол мекемемен еңбек келісім-шартында тұрған адамдар үшін орындалуы міндетті. Аккредиттелген журналист ондай қарым-қатынаста тұрған жоқ. Бізде тәжірибеде бір жағдай болды, журналистті академиктен сұхбат алуға жібердік, ал оны Ғылым академиясына кіргізбеген, себебі ол қысқа жиде мен тар шалбар киіп барған болатын. Ал бұл академияның дресс-кодына сәйкес келмейді. Сұхбат алынған жоқ. Мен бұл дұрыс емес деп санаймын. Журналист ол жерге жалаңаш келген жоқ, өзінің киімімен қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ. Жыл бойы костюм мен галстук тағуға ол міндетті емес, себебі ол Ғылым академиясының мүшесі емес, ол жерде жұмыс жасамайды. Бұл артық талап. Әр мекеменің өз талаптары болуы мүмкін. Мәселен, банкте асты қара, үсті ақ болуы, биік өкшелі аяқ киім, жеңіл макияж болуы керек. Сотта келушілердің сыртқы түріне ешқандай талап қойылмайды. Егер журналист күні бойы бірнеше мекемеге баратын болса, онда оның жұмыста үлкен гардеробы болуы керек, және ол әр жарты сағат сайын киім ауыстырып тұруы керек болады.
- Немесе өзімен бірге алып жүруі керек, егер бір шарадан шығып, екіншісіне баратын болса...
- Иә, бұл мүмкін емес.
- Меморганның ішкі ережесінде смартфондарды, фотоаппаратты және т.б. қолдануға да тыйым салынуы мүмкін ғой. Сол ережелердің сақталуымен келісе отырып журналист автоматты түрде өзінің техникалық құралдарынан айырылады. Сонда меморгандарға БАҚ үшін бөлек ішкі тәртіп ережесін жасау керек болғаны ма? Немесе оның ішінде қай талаптың журналистерге қатысты екені, қайсысының қатысты емес екені қосымша көрсетілуі керек шығар?
-Бұл сұрақты ақпарат министріне қою керек. Себебі Жоғары сот бір жарым жыл бұрын сотқа кіру ережесін қабылдады. Ол ережеде смартфонды алып кіру талабы жұмыс құралы болып табылатын БАҚ-қа таралмайды деп анық көрсетілген. Ал мына жерде бұл талап аккредиттелетін журналистер санын қысқарту үшін қуана қолданылады.
- Бұйрық жобасында журналистті аккредиттеуден айыруға көптеген негіз болатын жайттар пайда болды. Олар заңды ма?
-Журналист аккредиттелмеуі мүмкін негіздер атап өтілген бұйрық жобасының 10 тармағы БАҚ туралы заңның 22 бабына қайшы келеді. Мәселен, «заңды күшіне енген сот шешімі». Сот шешімі не туралы? Егер журналистті аккредиттеуді тоқтату туралы болса, онда сот шешімі ол ережеде жазылған ба, жазылмаған ба, оған қарамастан орындалуы керек. Бірақ мына жерде нақты соттың қандай шешімі туралы екені айтылмаған.
Тағы бір тармақ – аккредиттейтын органның ішкі тәртібінің бұзылуы және модератор регламентінің бұзылуы, бұл туралы біз бұрын да айтқанбыз. Бұл негізгі суасты тас сияқты болып отыр, себебі біз аккредиттейтін органның ішкі тәртбініің қандай екенін және модератор регламентінің не екенін білмейміз. Яғни, айталық, баспасөз-мәслихаты өтіп жатыр, сол кезде аккредиттелген журналист бір рет ыңғайсыз сұрақ қояды, екінші рет ыңғайсыз сұрақ қояды, сосын оны модератор белгілеген регламентті бұзды деп айыптап, оны аккредитациясынан айырады.
Аккредитациясынан айырудың тағы бір негізі – БАҚ туралы заңның 22 бабының 4 тармағында белгіленген жағдайда, яғни «аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн». Аккредиттейтін органның ар-намысы мен қадір-қасиетінің болуы мүмкін емес, себебі ол заңды тұлға. Бізде Азаматтық кодексе өзгерістің енгізілгеніне көп болды, соған сәйкес ар-намыс пен қадір-қасиет – бұл жеке тұлғалардың құқығы, ал заңды тұлғаның тек іскери беделі ғана болады. Оның үстіне, мен меморганда іскери беделінің де болуы мүмкін емес деп ойлаймын, себебі олардың кірісі олардың қызметіне байланысты емес, олар бюджеттен қаржыландырылады. Сонда БАҚ туралы заңның 22 бабы 4 тармағы Азаматтық кодексінің 143 бабының нормаларына қайшы келеді. Азаматтық кодекс нормасы БАҚ туралы заңға қарағанда басым күшке ие.
Тағы бір жайт – журналистерді шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратылды деген негізде аккредиттеуден айыру үшін сот шешімі болуы керек. Меморганның пайымы ғана жеткіліксіз. Мен соттың ондай шешімі болады деп санамаймын, себебі заңды тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиеті болуы мүмкін емес, заңды тұлға адамгершілік қайғыруды бастан кешіре алмайды – оларда оны сезінетін ағзасы жоқ.
-Журналистер министрлікке бұл бұйрықты заңдастыруға жол бермеу үшін не жасай алады?
- Біріншіден, қоғамдық пікір қалыптастыру, яғни, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, аталмыш өзгерістердің салдарынан аккредиттелетін журналистер мен БАҚ саны азаятынына, ал блогерлердің мүлдем ол тізімнен шығып қалатынына қатты көңіл аударту. Халықтың ақпаратқа БАҚ арқылы қол жетімділігіне кезекті рет шектеу жасалуда. Екіншіден, «Әділ сөз» министрге бұл бұйрықтың шығарылу негізіне түсінік беру талабын әзірлейді. Үшіншіден, ол аталмыш бұйрықты заңсыз деп тану туралы сотқа ұжымдық талап-арыз болуы мүмкін. Дәл осындай талап-арыздың құқықтық негіздерін мұқият қарау керек. Бірақ мен ойлаймын, негіздердің бірі - азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактінің 19 бабының бұзылуы, яғни сөз бостандығы құқығының бұзылуы.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін10 Ақпан 2021, 14:41
-
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз30 Шiлде 2020, 08:42