Алматы. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Шолпан Елеусізова. Жолаушылар купесіндегі зорлық туралы резонансты іс бойынша жәбірленуші сотқа жаңа талап-арыз дайындауда. «Тальгодағы» зорлық ісі бойынша жаңа үкім өткен аптада жарияланды, келесі күні Қазақстан Сенаты жеке тұлғаның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты жазалауды қатаңдату туралы заң жобасын қабылдады. ҚР ҚК 121 бабы 2 бөлігін (қызметтік міндеттемелерін орындау барысында адамдардың сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттері) ерекше атап өту керек. Асыра сілтеусіз, бұл бөлімнің теміржол купесіндегі зорлық әрекетінің жәбірленушісінің батылдығының, оның істің соңына дейін бару туралы шешімінің арқасында қабылданғанын айту керек. Ақтөбе тұрғыны ҚазТАГ ХАА берген ашық сұхбатында бұл жеңістің оған қалай келгенін айтып берді.
- Шілдеде жарияланған бірінші үкім бойынша жолсеріктердің әрқайсысын 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал жақында олар әрқайсысы 5 жылдан алды. Соттың жаңа шешіміне көңіліңіз тола ма?
-Бес жыл, әрине, аз мерзім емес. Бірақ ауырлататын мән-жайларды ескеру керек: олар жұмыс орындарында болды, Жетес Үмбеталиев менің купеме кіру үшін жолсеріктің кілтін пайдаланды. Айыптау актісінде ол туралы сөз болған жоқ. Бір жағынан, прокуратурада ол кезде мұны ауырлататын мән-жайлар ретінде тартуға құқықтық құралы болмады. Енді егер президент Тоқаев заң жобасына қол қоятын болса, мұндай заттарға мән берілетін болады және зорлықшылар егер қылмыстарын жұмыс орындарында жасайтын болса тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады. Соның өзінде мен көліктік прокуратура «Қазақстан Темір Жолы» (ҚТЖ) қызметкерлеріне қатысты жұмсақтық танытты деп санаймын. Істі мен мемлекеттік органдарға, бас прокуратураға, көліктік прокуратураға, ІІМ-не шағымданғаннан кейін, елордаға барып құқығымның бұзылып жатқандығы туралы үнемі шағымдана бергеннен кейін ғана қайта тергеуге жолдады. Бұл екеуі бес жыл отырып шығады, ал жәбірленушінің жағдайы не болмақ?
Мұндайдан кейін эмоционалды тұрғыда өмірі бұзылады!!
- Сотқа дейінгі тергеу енді ғана басталғанда, тергеуші Сіздің жеке мәліметтеріңіздің таралуына жол берді, жолсеріктердің туыстарына сіздің ата-анаңыздың мекенжайы мен телефонын берген, Сіздің оны жауапқа тарту ойыңыз бар ма?
- Иә, мен тергеуге немқұрайлы қарағандары үшін тәргеушіге де, прокуратураға да қатысты, бірінші соттың кәсіби құзыреттілігі туралы да мәселені көтеремін. Сонымен қатар, мен куәгерлер ретінде қатысып, жалған түсінік берген екі жолсерікпен де соттасамын. Олар тергеу мен сотты саналы түрде шатастырып, мені бірінші жолсерікпен (Үмбеталиев – ҚазТАГ) ішімдік ішті-міс деп істемегенімді істеді деп айтты. Сол куәгерлердің бірінен мені сипаттап беріңіз дегенде, ол шатаса бастады, мені диоптриясы бар көзілдірік киген деді. Бірақ ол кезде менің көзімнің ешқандай ақауы болған жоқ, мен көзілдірік киген жоқпын, ол туралы офтальмологтың анықтамасы да бар. Жалпы олардың аузынан ашықтан-ашық өтірік сөздер шықты, сондықтан мен жала жабу және жалған куәгерлік туралы талап-арыз жазатын боламын. Сонымен қатар, мен Жетес Үмбеталиевтің әйелі мен Қолқанат Құрманиязовтың әкесіне қатысты жала жабу және жалған куәгерлік туралы талап-арыз беріп қойдым. Мен ештемені де Құдайдың төрелігіне қалдырмақ емеспін. Мен оған сенемін, бірақ мен өз талабымды заң тұрғысынан негіздей аламын, дәлелдей аламын деп ойлаймын және мен оны жасаймын. Менің күресім әлі біткен жоқ.
- Сот Үмбеталиев пен Құрманиязовты кінәлі деп тапқаннан кейін Ұлттық тасымалдаушы жеке Өзіңізге хабарласты ма?
- ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары кешірім сұрады, бірақ бұл қоғам тарапынан қысым көрсетілгеннен кейін ғана жасалды. Олар әр жолсерік үшін жауап бере алмайтындарын айтты… Негізі, бұл жағдайда ұлттық тасымалдаушы оның топ-менеджментінің өте қатты ақсап жатқанын көрсетті. Олар болған жайттың қаншалықты сорақы екенін әлі соңына дейін түсінбеді. Ойлап көріңізші, мұндай жайт Еуропада болса ше? Ол жерде топ-менеджерлер жазаланар еді! Ал бұл жерде олар жолсеріктер мен пойыз бастығын шұғыл түрде жұмыстарынан шығарып жіберді. Әлдекім қатаң сөгіс алды, болды, ары қарай кеттік.
- Сіз жалпы жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмысқа қатысты Ақтөбе облысын қалай бағалайсыз?
- Өткен аптада ғана мен Ақтөбе облысының тергеушісімен, подполковник шеніндегі сыйлы адам, органдарда 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан кісімен сөйлестім, ол сол жылдар ішінде соңына дейін барып отырған менің екінші адам екенімді айтты. «НеМолчиKZ» қоғамдық қорындағы Дина Смаиловада статистика бар, сонда 2018 жылы Ақтөбе облысында зорлау туралы 48 арыз түскен, олардың ішінде сотқа тек үшеуі ғана жеткен, оның тек біреуіне ғана үкім шығарылды, онда да сотталушыға шартты мерзім берілді! Және мен арызданғанда, маған да бір аптадан кейін татуласып, арызын қайтарып алатын кезекті зорлық құрбаны ретінде немқұрайлы қарады.
-Жазда Сіз Нұр-Сұлтанда зорлық ісі бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатыстыңыз, бұл өте батыл қадам болды! Сонымен қатар, сол кездесудің арқасында қазақстандық шенеуніктер осы проблемаға әзір дегенде назар аударды ...
- Сіздер маған сол Нұр-Сұлтанға барудың қалай қиын болғанын білмейсіздер. Мен іскери орталарда жүремін, көзілдірігім мен қалпағыма қарамастан, көбі мені таныды, айыптаушылар да табылды. Бұл дөңелек үстел маған өте ауыр болды. Бірақ мен маған бірдеме жасаудың қажет екенін түсіндім. Ал сосын, қыркүйек айының басында ел президенті өз мәлімдемесінде жыныстық тиіспеушілікке қатысты заңның қатаңдатылатыны туралы мәлімдеді. Демек, әрекетім бос кеткен жоқ!
- Бастарынан зорлықты өткізген жандарға қандай кеңес бересіз?
- Ешкімге өзі көтере алмайтын сынақ берілмейді. Ең бастысы – ол сынақтың не үшін берілгенін түсіну, қандай жағдай болса да салыңыз суға кетпесін! Мен осы жағдайдың арқасында көп нәрсені ұқтым. Бұл ауыр сынақ болды, бірақ мен одан өттім. Мен кімнің кім екенін түсіндім. Көбі маған теріс бұрылып кетті, сонымен бір мезетте маған қолдау көрсеткендер де көп болды.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42